«Теріс ойды таста, ағылшынша үйренуді баста»

Кеше «Құтты қонаққа» аудармашы, оқытушы Ернат Мелсұлы келді. Ол өзінің «Ағылшынша тіл сындыру» кітабын жарыққа шығарды. Оқытушы осы кітапты шығарғанда, қатты қобалжығанын айтты.

18:07, 10 сәуір 2019   334

Автордың айтуынша, кітаптың ең бірінші ерекшелігі – қазақ тілінде мұндай кітап бұрын-соңды шықпаған. Яғни, ағылшын тілін өз бетімен үйренуге арналған кітап алғаш рет шығып тұр. Екіншіден, кітап қазақ тілі арқылы үйретеді. Дәлірек айтқанда, қазақ тілі мен ағылшын тілінің ұқсастықтарын пайдалана отырып, үйрететін болады. Үшіншіден, ағылшын транскрифциясын ұсынып отыр. Кітапта 3000 сөздің тарскрифциясын жазылған.

Айта кетейік, оқу құралы 8 бөлімнен, 192 беттен тұрады. Оның 90 беті үйретуге, ал қалған 100 беті үйренгенді шегелеуге, бекітуге арналып жасалынған.   

Ағылшын тілі маманы тілді еңбектенген баладан еңкейген кәріге дейін кез келген уақытта үйреніп алуға болады деген ұстанымда. Ол тіл үйрену үшін қазақ тілін оқи алатын болса жеткілікті деп айтты. Сонымен бірге,  «Теріс ойды таста, ағылшынша үйренуді баста» деді. Өйткені, көп жағдайда көңілдегі көп күдік талапкерге тіл үйренуге кедергісін тигізеді екен.

Аудионың толық нұсқасын төменнен тыңдай аласыздар!