Тұрмыс құруға қадам басатын қыздар үшін арнайы дайындық курсын ашу керек

14:00, 2 қазан 2019   66

Шалқар радиосының әуе толқыны арқылы радиотыңдаушыға – ұлттық тәрбие жөнінде сыр шертетін, адамның бойынан қазақтың қызына тән асыл қасиеттердің қалыптасуына ықпал ететін аналар мен қыз-келіншектерге арналған «Өнеге» хабарына – Қазақ телерадиосының ардагері, «Айгөлек»балалар журналының авторы әрі Бас редакторы, белгілі журналист Қымбат Әбілдақызы қатысты.

Тәрбиенің негізін отбасындағы құндылықтармен бойға сіңіретіндігімізді тілге тиек ете отырып, студия қонағы әсіресе қыздар тәрбиесіне, оның ішінде бойжетіп, тұрмыс құруға қадам басатын қыздар үшін арнайы дайындық курсын ашу керектігін айтты. Саналы ғұмырын журналистиканың ішінде тәрбиеге, білім беру жөніндегі мәселелерге арнаған Қымбат Әбілдақызы әжесінің «еркекшора қызы» болғандығын, бала кезден төлді танитын, пысық әрі малжанды қыз болғанын еске алды. Өзінің шыншыл, тура тік мінезімен дараланатын Қымбат апай өскелең ұрпаққа, әсіресе қыз баласы бар ата-аналарға кәдеге жарар ақылын аямады.

Қызықты әрі сырлы,боямасыз сұхбатты Шалқар радиосының мұрағатынан тыңдай аласыздар.

http://shalqar.fm/kz/archive/programs/programs_shalkar/shalqar_onege/1025663

Бағдарламаның авторы әрі жүргізушісі Ләззат Тиышбекқызы.