Ж.Сламбек: "Журналистика - өмірлік серігім"

17:02, 25 қыркүйек 2019   51

Шалқар радиосының әуе толқыны арқылы тыңдаушыға жол тартатын «ӨНЕГЕ» хабары адамгершілік пен ізеттілікті, инабаттылық пен парасаттылықты үлгі етеді.

Аналар мен қыз – келіншектерге арналған  хабардың бүгінгі санына - ҚР Журналисттер Одағының мүшесі, Қазақстан ұлттық аранасындағы «Апта kz» бағдарламасының жүргізушісі, ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты, белгілі журналист Жайна Сламбек қатысты.

«Өмірлік кәсіп таңдауда адаспау керек. Мамандық - ол адамның тағдыры. Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау...» демекші, мамандық турасында болған сұхбатта студия қонағы өмірге қайта айналып келсе, тағы да – журналистиканы өмірлік серік ретінде таңдайтынын айтты. Қандай мамандықта жұмыс істесең де, өз қабілетің мен бейімділігіңе сай кәсіп түрін таңдау және оның шебері болуды көздеу керек", – дейді Жайна өз сөзінде.

Еңбек жолын студент кезінен бастаған, бүгінде өз қолтаңбасымен, жүргізушілік мәнерімен, экран арқылы көрініп тұратын дара мінезімен ерекшеленетін Жайна Сламбектің шынайы, боямасыз сұхбатын сілтемеге өтіп, Шалқар радиосының сайтынан тыңдай аласыз.

Бағдарлама жүргізушісі Ләззат Тиышбекқызы.