• 06:02
  • Халық музыкасынан концерт
  • 06:30
  • Эстрадалық музыкадан концерт
  • 07:06
  • «Таңжарық»
  • «Таңжарық» «ТАҢЖАРЫҚ» ақпаратты-сазды, танымдық бағдарламасы. Тікелей эфир. "Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар...". Радиотыңдаушылармен ой бөлісіп, көңіл көтеретін әндер беріледі
  • 08:01
  • «Таңжарық»
  • «Таңжарық» «ТАҢЖАРЫҚ» ақпаратты-сазды, танымдық бағдарламасы. "Таңғы интерактив" кез келген бір тақырып төңірегінде тыңдарманмен ой-пікір алмасу
  • 08:30
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • 08:35
  • «Таңжарық»
  • «Таңжарық» «ТАҢЖАРЫҚ» ақпаратты-сазды, танымдық бағдарламасы. «Ғасыр ғибраттары» айдары. Ұлы ойшылдардың сөздері беріледі.
  • 09:01
  • «Таңжарық»
  • «Таңжарық» «ТАҢЖАРЫҚ» ақпаратты-сазды, танымдық бағдарламасы. "Атамекен" радиоойыны. Тікелей толқынға хабарласқан 3 көмек арқылы жасырылған елді мекенді табуы қажет.
  • 09:30
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • 09:36
  • Халық музыкасынан концерт
  • 10:05
  • «АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ СӨЗ». Майлықожа Сұлтанғожа мұрасы жөнінде айтылады.
  • 10:10
  • Халық музыкасынан концерт
  • 10:30
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • 10:35
  • «Туған жер әуендері» концерт
  • 11:02
  • Эстрадаға өңделген халық музыкасынан концерт
  • 11:30
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • 11:35
  • Концерт (Фольклорлық ансамбль не оркестрдің орындауындағы күйлер)
  • 12:01
  • «Құтты қонақ»
  • «Құтты қонақ» «ҚҰТТЫ ҚОНАҚ». Тікелей эфир. Тақырыбы: «Ұлы дала өркениетінің мәдениеті мен қазақ халқының тарихын тұтас қалпында түсіріліп жатқан кино турасында». Хабарға ҚР мәдениет қайраткері, актер Сағаділдә Үсібәлі қатысады
  • 12:30
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • 12:39
  • Халық музыкасынан концерт
  • 13:03
  • «Жайдарман»
  • «Жайдарман» «ЖАЙДАРМАН». Радиотыңдаушылардың сұраулары бойынша концерт
  • 13:35
  • «ЖАЙДАРМАН». Радиотыңдаушылардың сұраулары бойынша концерт
  • 14:02
  • «Боз жусан»
  • «Боз жусан» «БОЗ ЖУСАН» түскі көңілашар бағдарламасы. Тікелей эфир. Хабар ақын Әбен Дәренбековтың шығармашылығына арналады
  • 14:30
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • 14:40
  • Халық музыкасынан концерт
  • 15:02
  • Эстрадалық музыкадан концерт
  • 15:30
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • 15:35
  • «Бізге қымбат дауыстар» концерт
  • 16:01
  • Халық музыкасынан концерт
  • 16:30
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • 16:36
  • Концерт
  • 17:30
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • 17:40
  • «Күй-құдірет» концерт
  • 18:02
  • «Сазды сәлем»
  • «Сазды сәлем» «САЗДЫ СӘЛЕМ» құттықтау-сазды сағаты. Радиотыңдаушылардың сұраулары бойынша. Тікелей эфир
  • 19:03
  • «Ән домбыра»
  • «Ән домбыра» «ӘН ДОМБЫРА». Хабар актер, опера әншісі Қазақ КСР халық әртісі Кәукен Кенжетаевтың шығармашылығына арналады
  • 20:03
  • Эстрадалық музыкадан концерт
  • 20:30
  • Сағындырған әуендерден концерт (Ретро музыка)
  • 21:01
  • «АЛМАТЫ ТҮНІ»
  • «АЛМАТЫ ТҮНІ» «АЛМАТЫДАН СӨЙЛЕП ТҰРМЫЗ!»
  • 21:01
  • «АЛМАТЫ ТҮНІ» ақпараттық сазды, музыкалық диджей сағаты. «Замана заңғарлары» айдары. Әріптестер әлемі. Хабарға ақын, сазгер Серік Әбіл қатысады.
  • 22:45
  • «АЛТЫН ҚОР»
  • «АЛТЫН ҚОР» «АЛТЫН ҚОР». «Дәуірлер мен тұлғалар». Әлихан Бөкейханов туралы хабар
  • 23:01
  • «АЛМАТЫ ТҮНІ»
  • «АЛМАТЫ ТҮНІ» «АЛМАТЫ ТҮНІ». «Сыр сандық» айдары. «Темірқазық» айдары. «Өлең-өмір». Поэзиялық –лирикалық сазды сағат.

Шалқар радиосы

Байланыс телефондары:

«Шалқар» радиосының 50 жылдығы қайырымдылық шараларымен өтуде

Қазақ халқының мәдени, рухани құндылықтарын насихаттау арқылы ұлттың үнжариясына айналған «Шалқар» радиосы биыл өзінің 50 жылдығын атап өтуде. Осыған орай жыл басынан бері радио басшылығының бастамасымен бірқатар қайырымдылық шаралары өткізілді.

«Шалқар» ұжымы наурыз айында «Тұран-Астана» университетінде Астана қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық концертін өткізді.

Сондай-ақ, 27 наурыз – Театр күніне орай Қазақ драма театрлары арасында  «Шалқар шабыт» атты байқау ұйымдастырды. Онда республикалық театр репертуарларынан үздік 12 қойылым таңдап алынып, радионың ресми shalkarfm.kz сайты арқылы  дауыс беру жүргізілді.

Ал, 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай «Шалқар әнім» атты республикалық ән байқауы жарияланды. Ән додасында еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнерлі өрендер бас қосып, үздік қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұдан бөлек, 50 жылдыққа орай үздік әндерді анықтауға арналған «Саз керуен» бағдарламасы эфирге шықты. Ерекшелігі –жобаға кәсіби және әуесқой әншілер ең соңғы шыққан әндерін ұсынады. Жолданған әуен радионың Көркемдік кеңесі арқылы іріктеледі. Ай қорытындысы бойынша shalkarfm.kz сайты арқылы ең көп тыңдалған ән радионың «Алтын қорына» тапсырылады және жылдық байқауға жолдама алады.

«Қолға алынған жобалар мен атқарылған игі істердің барлығы - «Шалқар» радиосының қазақ руханиятына деген қамқорлығы», дейді радионың Бас редакторы Серік Сейітман.

Радио өнімдері қазіргі кезде ел аумағының 62,04 пайызына тарайды. Апта сайын әуе толқынына 75 радиохабар шығады. 

Олардың ішінде музыка - 54%, танымдық хабарлар -10 %-ды, әдеби-музыкалық хабарлар - 20 %-ды, мәдени-сауықтық бағдарламалар – 10 %-ды, «Алтын қор» хабарлары -  3 және жарнама 3 %-ды құрайды.

Тыңдармандар әр аптаның дүйсенбі-жұма күндері аралығында тікелей толқында өтетін «Таңжарық», «Елім менің», «Ұшқын» бағдарламалары арқылы ой-пікірлерімен бөлісіп келеді.

Радио эфирінен аптасына бір рет берілетін мәдени-танымдық «Әлқисса», «Біздің елдің жігіттері», «Дәстүр», «Жақсының жары», «Зиялы қауым», «Парыз», сондай-ақ, әдеби-музыкалық  «Түркі сазы», «Наридірген», «Күй-шежіре», «Шабыт», «Аққулы айдын» сынды хабарлар бүгінде көпшілік сұранысына ие.

Қазақ әдебиетінің сүбелі шығармаларын, ұлттық музыкасын, ғасырлар қойнауынан жеткен ғұламалар ғибратын кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан арна әлі де сол қалпынан жаңылған жоқ.

Радио 2012 жылдан бастап Астана қаласындағы заманауи үлгіде салынған «Қазмедиа орталығынан» хабар таратып келеді.