• 06:00
  • Әнұран
  • 06:02
  • Халық музыкасынан концерт
  • 06:30
  • Эстрадалық музыкадан концерт
  • 07:01
  • Эстрадалық музыкадан концерт
  • 08:01
  • «Таңжарық»
  • «Таңжарық» «ТАҢЖАРЫҚ» ақпаратты-сазды, танымдық бағдарламасы. Тікелей эфир. «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар...». Таңғы музыкалық көңілашар сағаты. Ди-джейлердің жүргізуінде.
  • 09:01
  • «Таңжарық»
  • «Таңжарық» «ТАҢЖАРЫҚ» ақпаратты-сазды, танымдық бағдарламасы. «Атамекен» радиоойыны. Тікелей толқынға хабарласқан 3 көмек арқылы жасырылған елді мекенді табуы қажет.
  • 09:36
  • Халық музыкасынан концерт
  • 10:01
  • Патриоттық ән
  • 10:05
  • «Атадан қалған асыл сөз»
  • «Атадан қалған асыл сөз» «АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ СӨЗ». Асан Бәрменбекұлы 3-нұсқа
  • 10:10
  • Халық музыкасынан концерт
  • 10:35
  • «Туған жер әуендері» концерт
  • 10:35
  • «Туған жер әуендері» концерт
  • 11:00
  • Жаңалықтар
  • Жаңалықтар «Каз+Жаңалықтар» ролигі ЖАҢАЛЫҚТАР /1-ші бағдарламамен бір уақытта/.
  • 11:05
  • Эстрадаға өңделген халық музыкасынан концерт
  • 11:05
  • Эстрадаға өңделген халық музыкасынан концерт
  • 11:36
  • Эстрадалық музыкадан концерт
  • 12:01
  • «Құтты қонақ»
  • «Құтты қонақ» «ҚҰТТЫ ҚОНАҚ». Хабарға Толстойтанушы ғалым, ақын Абай Қалшабек қатысады. Жүргізуші - Ләззат Тиышбекқызы /таспа/
  • 12:31
  • Халық музыкасынан концерт
  • 13:00
  • Жаңалықтар
  • Жаңалықтар «Каз+Жаңалықтар» ролигі ЖАҢАЛЫҚТАР /1-ші бағдарламамен бір уақытта/.
  • 13:05
  • «Жайдарман»
  • «Жайдарман» «ЖАЙДАРМАН». Радиотыңдаушылардың сұраулары бойынша концерт. Жүргізуші – Ләззат Тиышбекқызы
  • 14:01
  • «Боз жусан»
  • «Боз жусан» «БОЗ ЖУСАН» түскі көңілашар бағдарламасы. Хабар ақын Күләш Ахметованың шығармашылығына арналады. Жүргізуші - Нәзір Сүлеймен /таспа/
  • 14:31
  • Халық музыкасынан концерт
  • 15:00
  • Жаңалықтар
  • Жаңалықтар «Каз+Жаңалықтар» ролигі ЖАҢАЛЫҚТАР /1-ші бағдарламамен бір уақытта/.
  • 15:05
  • Эстрадалық музыкадан концерт
  • 15:35
  • «Бізге қымбат дауыстар» концерт
  • 16:01
  • Эстрадалық музыкадан концерт
  • 16:36
  • Концерт (Фольклорлық ансамбльдің орындауындағы халық әндері)
  • 17:00
  • Жаңалықтар
  • Жаңалықтар «Каз+Жаңалықтар» ролигі ЖАҢАЛЫҚТАР /1-ші бағдарламамен бір уақытта/.
  • 17:06
  • «Термелер мен толғаулар» концерт
  • 17:35
  • Патриоттық ән
  • 17:40
  • «Күй-құдірет» концерт
  • 18:01
  • «Сазды сәлем»
  • «Сазды сәлем» «САЗДЫ СӘЛЕМ» құттықтау-сазды сағаты. Радиотыңдаушылардың сұраулары бойынша. Тікелей эфир. Жүргізуші – Бекнұр Нұрмағанбет
  • 19:01
  • «Ән домбыра»
  • «Ән домбыра» «ӘН ДОМБЫРА». Хабар халық ақыны, әнші, композитор Шәкір Әбеновтың шығармашылығына арналады. Жүргізушілері - Жасұлан Наурызбай, Сәрсенғали Жүзбаев /таспа/
  • 20:01
  • Эстрадалық музыкадан концерт
  • 20:35
  • Сағындырған әуендерден концерт (Ретро музыка)
  • 21:01
  • «АЛМАТЫДАН СӨЙЛЕП ТҰРМЫЗ!».
  • 22:45
  • «АЛТЫН ҚОР»
  • «АЛТЫН ҚОР» «АЛТЫН ҚОР». Қазақстан Жазушылар одағына 85 жыл! Сәкен Сейфулин туралы хабардың 1-ші бөлімі.
  • 23:01
  • «АЛМАТЫ ТҮНІ»
  • «АЛМАТЫ ТҮНІ» «АЛМАТЫ ТҮНІ». «Сыр сандық» айдары. «Темірқазық» айдары. «Өлең-өмір». Поэзиялық –лирикалық сазды сағат.
  • 23:58
  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘНҰРАНЫ (2 минут)

Шалқар радиосы

Байланыс телефондары:

1966 жылы 1 қаңтарда «Шалқар» ұлттық арнасы ақпаратты-сазды «Шалқар» бағдарламасы ретінде тұсауын кесті.

1998 жылы жұмысын уақытша тоқтатқанымен, 2002 жылы қайта ашылып, алғашында тек Алматы қаласында ғана хабар таратты. Кейіннен эфир уақыты ұлғайып, республика аумағына тарай бастады.

2011 жылы 18 шілдеден бастап «Шалқар» радиосының shalqar.fm ресми сайты ақпарат таратады.

2012 жылы радио Астана қаласындағы заманауи үлгіде салынған «Қазмедиа орталығына» көшті. Заман талабына сай сандық технология орнатылған. Мұны игеру арқылы радио мультимедия сапына қосылды.

2014 жылдың ақпан айынан бастап жеке радио болып қайта құрылды. Бұған дейін Қазақ радиосының құрамдас бір бөлігі ретінде редакция болып келген.

Радио өнімдері қазіргі кезде республика аумағының 64%-на тарайды.

«Шалқар» ұлттық радиосы – республикадағы тек қана қазақ тілінде хабар тарататын жалғыз арна.

«Шалқар» ұлттық радиосының басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық, рухани құндылықтарын насихаттау. Алғаш ашылғанда «Өнерім-өмірім», «Атадан қалған асыл сөз», «Жеті ғасыр жырлайды», «Алтын тамыр» сынды бағдарламалар арқылы тыңдарман жүрегіне жол тапты.

Қазақ әдебиетінің сүбелі шығармаларын, ұлттық музыкасын, ғасырлар қойнауынан жеткен ғұламалар ғибратын кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан радио «Ән домбыра», «Қазақтың 1000 күйі», «Дәуір сазы», «Құтты қонақ», «Бозжусан», «Айтыс ақтаңгері», «Қазақы әңгіме», «Отанды сүю», «Дәстүр», «Бесігіңді түзе», «Құс жолы», «Қауырсын ғалам», «Күй шашу» «Жақсының жары» сынды хабарларын ұсынып келеді.

Сондай-ақ, «Замана бұлбұлдары» айдарынан Жүсіпбек Елебеков, Жәнібек Кәрменов, «Бізге қымбат дауыстар» айдарынан Жамал Омарова, Роза Бағланова сынды саңлақтардың концерттері берілуде. Өнер дүлдүлдерінің үнтаспаға жазылып алынған шығармаларын тұрақты түрде беру дәстүрге айналған. Сондықтан да «Шалқар» ұлттық арнасы арқылы таралатын музыкалық хабарлардың маңызы зор, көтеретін жүгі ауыр.

Радиода әр жылдары белгілі журналистер М.Жантикин, Е.Әбдіғапаров, Т.Рсаев, У.Қыдырханов, Е.Қашқынов, Ғ.Есенсариев, А.Еңсебайұлы, Т.Момбекұлы, Ғ.Игісін, Д.Исабеков, Д. Қанатбаев, талантты дикторлар С.Жақанова, О.Қалмырзаев, Ұ.Бармашқызы жұмыс істеді.