«Бесігіңді түзе»

Авторы әрі жүргізушісі: Гүлнұр Омарханқызы
 
Жанры: сұхбат, танымдық
 
Эфирге шығатын уақыты: 16.20

Ұзақтығы: 15 минут

Жиілігі: аптасына 1 рет, сенбі
 
Байланыс телефондары: 8 (717) 2 55 33 48, 55 33 49
 
 

Хабардың мақсаты - жарық дүниенің есігін ашқан әрбір сәби ертеңгі келешектің кепілі десек, балалар әлемінің күрделі табиғатын тану, өмірін дұрыс қалыптастыру, халық тәрбиесінің негізін қалау бесіктен басталатынын, бесік жырының құндылығы екенін дәлелдеу. 

«Алып анадан туады», дегендей, қазіргі ел басқарып отырған қайраткерлер мен өнер, мәдениет саласында жүрген дарынды тұлғалар аналардың аялы алақанында тәрбиеленіп, бүгінгі күні биікке көтерілгені ақиқат.

Демек, азаматтың қалыптасуына ананың ақ сүтімен бірге, алтын ұядағы өсиет пен қасиет берік негіз болған. Тұлғаларды дүниеге әкелген асыл аналардың тәлім-тәрбиесі әр шаңырақ үшін ұлы дәріс болмақ. Хабарға көрнекті қоғам қайраткерлері шақырылып, олардың аналары туралы, ұрпақ тәрбиелеудегі тәлімі әңгіменің өзегіне айналады.