Болатбек Көрпебайұлы Төлепберген

Болатбек Көрпебайұлы Төлепберген – 1974 жылғы 5 ақпанда Жамбыл облысыСарысу ауданыЖайылма ауылында дүниеге келген. Журналист, мемлекет қайраткері, «Жерұйық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы."Шалқар" радиосының директоры, философия ғылымының кандидаты.

1996 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын «Жас Алаш» газетінен бастаған. «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім меңгерушісі, «Зерде» және «Жалын» журналы бас редакторының орынбасары, «Асар» және «Журналист» газетінің редакторы, Л.Гумилев ат. ЕНУ-дың аға оқытушысы, Қазақстан ТРК АҚ Жобалар бойынша менеджері, «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС Бас редакторы қызметін атқарған.

«Сүйікті менің Отаным» және «Тәуелсіздік бесігін тербеткен» деректі фильмдерінің авторы.[1]

Қазақстан Жазушылар Одағы мен«Атамұра» корпорациясыныңжазушы Оралхан Бөкей атындағы стипендиясының тұңғыш иегері (1993). «Сорос-Қазақстан» жас жазушылар бәйгесінің жүлдегері (1996), Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты (2003), «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалінің иегері (2008), Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты (2008) және ҚР Мәдениет қайраткері (2009) және ҚР Президентінің журналистика саласы бойынша сыйлығының лауреаты (2011). Қазақстан Жазушылар Одағы мен Журналистер Одағының мүшесі.